Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

«Қазақстан тарихын» жазуға атсалыспақ

Өңірдің белді тарихшылары Алматы қаласындағы іргелі ғылыми-зерттеу институтымен бірігіп, бес томдық «Қазақстан тарихын» жазуға атсалыспақ

Тарих пен мәдениет саласынағы мемлекеттік қаржыландыру негізінде орындалып жатқан сүбелі жобаларды да жүзеге асыруға қолғабыс етпек.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Ендігі кезекте елдің төл тарихын жазып жүрген белді ғалымдар мен Шығыс өңірі ғалымдары арасында рухани байланыс орнап, ғылыми ізденіске жол ашылмақ.

- Бұл - тарихи күн. Елдің ең іргелі ғылыми-зерттеу орталығы саналатын Тарих және этнология институты мен шығысқазақстандық университет алғаш рет келісімге келіп отыр. Қабылданған меморандум аясында университетіміздің ғалымдары мен магистрант, докторант шәкіреттері институт тарихшыларымен тығыз байланыс орнатып, ғылыми зерттеу жұмыстарын бірге орындайды, - деді ШҚМУ ректорының міндетін атқарушы Ирина Ровнякова.

Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов өңір университеттерімен жақын байланыста болудың тарих ғылымы үшін маңызды екендігін атап өтті.

- Өңірлік зерттеулерге көп көңіл бөлгіміз келеді. Өйткені бұған дейінгі тарих ғылымы орталықтағы ғалымдардың зерттеулері негізінде жазылып келді. Ал облыс ғалымдарының пікірі ескерілмей қалды. Өңірдегі ғалымдар өз өлкесінің тарихын зерттеуге көңіл бөліп, соның негізінде көлемді, тұщымды еңбектер жазса дейміз. Өңір тарихын түгендей отырып, еліміздің ортақ тарихын жазып шығар едік. Өкінішке орай, Е. Бекмұхановтан басталған бес томдық «Қазақстан тарихы» академиялық басылымы бірнеше рет жарық көрсе де, тың өзгерістер енбей отыр. Кеңес кезіндегі қателіктер тәуелсіздік жылдарында да қайталанып жүр. Алдағы уақытта сіздермен бірлесе отырып, академиялық тарихты зерттесек деген ойымыз бар, - дейді Зиябек Қабылдинов.

Институт директоры биылғы жылы ғылымды қаржыландыруға бөлінген 33 жобаны орындауға мемлекеттік грант ұтып алғанын айтады.

- Зерттеу институты бұған дейін мұндай көлемдегі мемлекеттік грант түрін орындауға тапсырыс алмаған. Институттың барлық ғалымдары мен шәкірттері жобаны орындауға жұмылдырылды. Бізге әлі де ғалымдар керек. Сол себепті бүгінгі келісімшарт негізінде Шығыстағы мемлекеттік университет ғалымдарын ғылыми жобаларды орындауға жұмылдырамыз, - деді Зиябек Ермұқанұлы.

Қазақтың төл тарихын зерттеп жүрген институт директорының бұл ұсынысы Шығыстағы ғалымдар үшін зор басымдық. Университет профессоры Советхан Игібаев «Қазақстан тарихында» жүрген бірнеше қателіктер жайында өз ойын айтып, институт директорынан бұл қателіктерді түзетуді өтінді. Қате тұжырымдардың бірі - Қазақ Хандығының құрылған датасына қатысты болды.

Институт директоры университетке 3000 тиражбен шыққан, ағылшын тіліне аударылған «Астана: өткені мен бүгіні» атты кітапты, ғылым ордасының «Отан тарихы» атты журналын сыйға тартты. 

Следующая →