Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Трамп демократтар әрекетін «масқара» деді

Ресеймен байланысы бар деген әшкерелеу құжаттамасын демократтар қаржыландырыпты-мыс деген ақпаратқа АҚШ президенті өз пікірін білдірді

АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтонның сайлау штабы мен Демократиялық партияның Ұлттық комитеті президенттің атына жазылған әшкерелеу құжаттамасын қаржыландыруы мүмкін деген деректі естіген Дональд Трамп мұны «масқара» деп айтты. «Бұл еліміздің саясатына деген шынайы ащы пікір», дейді ол. Fox News арнасына сұхбат берген Трамп қарсыластарының «жалған-құжаттамаға» «ғаламат көп қаражат жұмсағанына» таң қалды. Ол демократтардың бұл құжатқа қатысы бар екендерін мойындамағанын, ал қазір «бұл байланысты мойындағанын» айтады. Құжаттамаға қаражат бөлінгені туралы The Washington Post газеті жариялаған. Басылымның хабарлауынша, Трамптың Ресеймен байланысын тергеу үшін заңгер Марк Элиас DNC және Клинтон кампаниясының тапсырмасымен вашингтондық Fusion GPS фирмасымен келісімшарт орнатқан. Құжатты қаржыландыру жұмысы 2016 жылдың қараша айындағы сайлауға дейін жалғасқан. WP деректері бойынша, Fusion GPS бұған дейін Республикалық партия тапсырмасымен Трамп туралы ақпарат жинаған. Британдық МІ5 арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері, Ресейде жұмыс істеген Кристофер Стилмен дайындалған 35 беттен тұратын құжаттама, АҚШ Конгрессіндегі тергеудің басты нысаны болды.
Следующая →