Облыста зейнетақы өседі
Республикада жаңа жылдан бастап зейнетақы мөлшері өспек.
- Еліміздегі барлық қариялардың зейнетақысы өспек, - дейді облыстық «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы» директорының орынбасары Сергей Кабигужинов. - 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 8 пайызға өседі. Нәтижесінде ең төменгі зейнетақы 6 пайызға өсіп, 49 мың теңге болса, орташа зейнетақы 71 мың теңге төңірегінде тұрақтамақ. Сонымен қатар, Ал 1998 жылға дейін және одан кейін де 33 жылдан асатын еңбек өтілі бар тұлғаларға базалық зейнетақысы екі есеге өседі.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы 29 мың теңгеге дейін өспек. Сергей Кабигужиновтың айтуынша, облыста зейнеткерлердің 70 пайызы 33 жылдың еңбек өтілі бар.