Түркияда 11 күн ішінде лаңкестікке қатысы бар деп 283 күдікті ұсталды
Түркия Қауіпсіздік күштері 11 күн ішінде 283 адамды «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымына қатысы бар деген күдікпен ұстады
Бұл туралы «Хабер тюрк» арнасы республиканың Бас қауіпсіздік басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады
Деректер бойынша, жүргізілген арнайы операциясы аясында 66 қолдан жасалған жарылғыш құрал анықталған.
Осыған дейін, 28 қазан күні Анкара қаласында 49 адам ұсталған болатын. Тергеу деректері бойынша, олардың кейбірі Анкарада 29 қазан күні аталып өтетін Республика күні мерекесінде теракт ұйымдастырмақ болған. Қауіпсіздік құрылымдары 28 қазан күні Стамбулда ұйымдастырылмақ болған терактінің алдын алған.