ШҚО азаматы мың теңгеге бола тұрғынды соққыға жыққан
Арзан жүзігі мен алқасын тартып алу үшін Зырян қаласының тұрғыны өзге бір тұрғынды өлімші етіп сабаған
Сот сотталушының әрекетін қарақшылық деп бағалады
Шабуыл жасаған адамның қатты мас болғаны белгілі. Кездейсоқ адамды көріп қалып, байып қалмақ болған. Бірақ зардап шегушінің қолында құнды ештеңе болмаған.
Зардап шегуші қарсылық көрсетпек болғанда, сотталушыны оны аяққа жығып сабай бастаған. Зардап шегуші ауруханаға түскен, мұрны сынған әрі бірнеше жерінен жарақат алған.
Осыған дейін істі болған сотталушыны сот барынша қатаң жазала, төрт жылға бас бостандығынан айырды