Алматы облысында 1280 гектарға жаңғақ ағашы отырғызылды
Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде мәлімдеді.
Облыс әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, алқаптан сөреге дейінгі кластерлік негізде жұмыс істейтін компаниялар қазірдің өзінде бар. Мысалы, «Амал БИО» компаниясы өсірген өнімдерін өзі сақтап, өзі өңдейді. Өнімдері Қытай, Пәкістан, Иран секілді шет елдерде айтарлықтай сұранысқа ие.
Жалпы, өңірдегі бақтардың көлемі 22,4 мың гектарға жетсе, соның 2,1 мың гектары – апорт алмасы.