Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде мердігерлер кір суды Ертіске төгуде

Қайта құру жұмыстары жүріп жатқан Славский атындағы жағалауда жұмысшылардың кір суды өзенге төгіп жүргенін қала тұрғындары байқаған

Әлеуметтік желіге тараған суреттерді көрген қала тұрғындары бұл әрекеттерге наразылық білдірді. Мердігерлердің әрекеті қаншалықты заңды, Ертіске зардабы тимей ме деген сұрақтардың жауабын экологтар анықтайды Экологиялық қауіпсіздік орталығына хабарласып, қандай шаралардың қолданылатынын білуге тырыстық. ЭҚО мамандары бірден оқиға орнына келді. - Мердігер ұйыммен сөйлестік, - дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының баспасөз хатшысы Елена Полянцева. - Қазір жауын-шашын суларын фильтрлейтін терең шұңқыр қазуда. Мердігерлердің айтуынша, шұңқырдан шығып жатқан су Ертіс өзеніне тиесілі. Қазір өзен деңгейінен төмен шұңқыр қазылған. Негізгі кір су фильтрленеді. Егер суды сорып отырмаса, мердігерлердің жұмысы тоқтап қалады. Бұл деректерді «ЮА ТРАНАССТРОЙ» ЖШС мердігерлік ұйымының директоры да растап отыр. - Тазарту құрылымдары орналасқан жерден жер асты сулары шығады. Ертіс суының асты балшықпен араласқан. Бұл жобамен қарастырылған жұмыстар. Қайта сорғызатын арнайы құралдарды тарттық. Бұл жұмыстарды айналып өту мүмкін емес, - дейді Нұрлан Мырзабеков. Дегенмен ЭҚО мамандары Ертістің кірленуі туралы барлық деректерді ШҚО Экология департаментіне берді. Олар мердігер ұйымның әрекеті қаншалықты заңды екенін, Ертіс төнетін қауіп деңгейін анықтайды.
Следующая →