Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Голливудтық шатақ аясында Кевин Спейси каминг-аут (өзінің сексуалды ұстанымы) ұйымдастырды

Сексуалды алымсақтыққа айыпталған атақты продюсер Харви Вайнштейннен кейін Голливуд жұлдызы Кевин Спейси нысанаға ілікті. Бұған жауап ретінде ол өзінің сексуалды бейімін жайып салды

Американдық актер Кевин Спейсер өзінің Twitter парақшасында өмір бойы бисексуал болғанын, қазір тек еркектерге ғана көңілі барын айтты. «Оскар» киномарапатының екі лауреаты жақындарының әйелдермен де, еркектермен де көңіл көтеретінін білетінін айтады. «Енді мен тек гомосексуалды өмір ұстануды жөн кқремін, - дейді Спейси. - Мұны ашық әрі шынайы айтамын». Актердің сексуалды ориентециясын ашып салуына әріптесі Энтони Рэпптің 1986 жылы орын алған сексуалды алымсақтыққа айыптауыс түрткі болған. Бордвей мюзиклінде рөл сомдап жүргенде Рэпп 14 жаста болған. Рэпптің айтуынша, Спейсидің үйінде ұйымдастырылған кеште ол мас болып, жасөспірімді төсегіне дейін жеткізіп, үстіне жатып алған. Спейси бұл жаңалыққа таң қалғанын, 30 жыл бұрын болған оқиғаны есінде сақтамағанын айтады. Бірақ өз кезегінде, болған оқиға рас болса, Энтони Рэппке өзінің «шынайы кешірімін сұрап, мас күйіндегі ерсі қылыққа барғанын» айтады. Айта кету керек, ондаған әйел американдық продюсер Харви Вайнштейнді сексауалды алымсақтыққа, зорлыққа айыптаған болатын. Голливудтың атақты режиссерлері Квентин Тарантино, Гас ван Сент және Мартин Саркоземен жұмыс істеген продюсер өзіне таққан айыптарды мойындамай отыр.
Следующая →