Балаларын құтқарам деп өртке секірген
Үйінің өртеніп жатқанын көрген қала тұрғыны балаларын құтқарамын деп ойланбастан оттың ортасына кіріп кеткен
37 жастағы қала тұрғыны үйіне қайтып келе жатып оның өртке оранғанын көреді. Бір минут та ойланбастан терезені сындырып үйге еніп кеткен. Қуанышқа орай, үйде ешкім болмаған.
Өрт оқиғасы Рижская көшесінде орын алған.
- Үй иесі мойнынан, бетінен, екі шынтағы күйген. Үйге кіру үшін терезені шындағымен соққандықтан, шындағы да жарақаттанған, - дейді Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметкері. - Ер адам Өскемен қалалық №1 ауруханасына ауыр халде жатыр. Жан сақтау бөліміне жатқызылған.
Өртсөндірушілер от жалмаған үйді бір сағат бойы сөндірген. Өрт алаңы 36 шаршы метрді құрады.