Мас адам полиция қызметкерін сабаған
Жарма ауданының тұрғыны полиция инспекторына қол жұмсағаны үшін сотталды
Кезекші бөлімге хабарласқан әйел адам мас қонақтың үйінен кетпей, доңайбат көрсетіп отырғанын айтқан. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары мас адамды сабасына түсіре алмаған.
Полиция қызметкері мас адамның бөтен үйден кетуін талап еткен. Алдымен ер адам учаске қызметкеріне тіл тигізіп, кейін жағасынан ұстап қылқындыра бастаған.
Құқықбұзушы полиция қызметкерін жерге жығып, басынан бірнеше рет теуіп өткен.
Құқық бұзған ер адам шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айрылды.
Тақырыптар:
Правоохранительные органы ВКО