Өскемен полицейлері жол ережесін бұзған жүргізушілерді ұстады
Өскемендік полицейлер 26 қазаннан бастап қалада жаппай тексеру шараларын өткізіп, мас жүргізушілер мен жол ережесін бұзғандарды құрықтады.
Тексеріс барысында бір күннің өзінде тәртіп бұзған 179 жүргізуші ұсталды.
Оның ішінде бір жүргізуші мас күйінде көлік айдаған болса, біреуі жылдамдықты асырған, ал екеуі қарсы жолаққа шығып кеткен. Ал тоғыз жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермей қойған. Жиырма жүргізуші рөлде отырып, телефонмен сөйлескен. Ал 26 жүргізуші қауіпсіздік белдеуін тақпаған.
Жаяу жүргіншілер де назардан тыс қалмады. Тоғыз тұрғын жолды кесіп өту ережесін бұзғаны үшін ұсталды.