Облыс жолдарын жөндеуге басқа аймақтың мердігерлері шақырылмақ
Облыс әкімі Даниал Ахметов жергілікті мердігерлердің жолды дұрыс жөндемегенін айтып, оның орнына Астана мен Алматы қаласындағы компанияларды жұмысқа тарту керектігін ескертті.
Аймақ басшысы Өскемендегі жол жөндеу жұмыстарымен таныса келе, жергілікті мердігерлердің ішінде бірде-біреуі жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтамағанын әрі сапасыз жол салғанын айтты.
- Жолды жобалауға тапсырма алған шығысқазақстандық бірде-бір мердігер өз міндетін толықтай орындамаған. Басқа облыстан фирмалар шақыруымыз қажет, - дейді Даниал Ахметов.
Оның үстіне, мердігерлер жобаны жылдың басында ұтып алғанымен, жөндеу жұмыстарын күзде бастаған.