Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО әкімі беретін грант саны өспек

Шығыстан жақын шетелге оқуға кетіп жатқан түлектердің санын азайту мақсатында облыс әкімі әкімдік тарапынан бөлінетін грант санын өсіруді ойлап отыр

Бірақ бір шарт бар. Тегін білім алғысы келетін мектеп түлектері облыстағы оқу орындарының бірін таңдауы қажет.

- Мен қазақстандық түлектердің жақын шетелдегі бәсекеге қабілетсіз, сапасы отандық ЖОО-дан да төмен оқу орындарында білім алғанын қаламаймын. Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларындағы үздік оқу орындарында білім алғысы келетін түлектердің шешіміне қатысты еш қарсылығым жоқ. Бірақ Алтай аймағы, Барнауыл қаласында білім алуға аттанатын түлектеріміз көп. Мұндай мүмкіндікті біз де ұсына аламыз, - деді Даниал Ахметов Зырян ауданындағы орта мектептің білім жетістіктерімен танысу барысында.

Аймақ басшысы сөз барысында облыстағы мектептердің барлығын ҰБТ тапсыруға міндеттеу керектігін айтты.

- Мектеп директоры рейтингті төмендетіп алмау үшін нашар оқитын оқушыларын ҰБТ тапсырмауға үгіттейді. Ал ҰБТ тапсырмаған оқушылар елдегі оқу орындарына түсе алмайды да, Ресейдегі тестілеу балын талап етпейтін нашар жоғары оқу орындарына барып, оқуға түседі. Бұл дұрыс емес. Сондықтан мектептердің барлығын ҰБТ тапсыруға міндеттеу қажет, - деп аймақ басшысы облыстық білім басқармасына тапсырма берді.

Ал тегін білім алғысы келетін түлектер ҰБТ тапсырған соң, облыс әкімі ұсынып отырған грантқа үміткер бола алады.

Айта кетейік, биыл облыс әкімі тарапынан 200 тегін білім беру гранты бөлінген болатын. Келесі жылы оның санын екі есеге өсіру жоспарланып отыр.  

Следующая →