Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыс басшысы Зыряндағы пәтер бағасына наразы

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың Зырянда салынып жатқан тұрғын үйдің ауданы мен орналасқан жеріне көңілі толмай, пәтер бағасының қымбат екендігін айтты

Қазіргі уақытта Зырян қаласында 60 пәтерлі екі бес қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жұмыстар жоспар бойынша 2018 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс.  Алайда облыс әкімі бұл үйлерге қатысты көп сын айтты. Ең бірінші, бес қабатты үйді қаланың шеткі ауданында салудың қажеті қанша деген сауалға тоқтады. Ал үй Зырян қаласының №10 шағын ауданында салынуда. 

- Мұндай бес қабатты үйлерді қаланың шетінде емес, орталық бөлігінде тұрғызу керек. Қаланың ішкі аудандарында коммуналды қызмет түрлері толығымен тартылған. Сондықтан құрылысқа аз шығын жұмсалады. Тұрғындар үшін де ыңғайлы. Өйткені қаланың орталық жағында мектеп, балабақша, аурухана, мейрамхана, кинотеатр сынды халыққа қажетті нысандар жақын орналасқан. Орталықтағы биік үйлер қалаға көрік береді. Ал қаланың шетінде табан тіреген үйлер жер үй салғысы келетін тұрғындарға кедергі келтіреді, - дейді Даниал Ахметов.

Сондықтан бес қабатты үйді екі қабатты етіп қайта салу қажет деген сыңай танытты. 
Тұрғын үй екі және үш бөлмелі етіп салынуда. Пәтердің ауданы, құрылыс жоспары да әкімге ұнай қоймады. Әкімнің ойынша, пәтердің іші тар, халыққа ыңғайлы емес. Оның үстіне, шаршы метріне қойылып отырған баға да қымбат.

- Менің он бір балам бар. Оның барлығы Зырянда тұрады. Немерелерім де көп. Оларды үйге қонақ қылып күтетін болсам, ас үйге мүлдем сыймайды, - деді  ауданның батыр аналарының бірі Вера Ивановна.

Ал үйдің шаршы метріне белгіленген баға - 153 мың теңге. Бұл баға аймақ басшысының ашуын туғызды. Өйткені Семей мен Өскемен қаласында салынып жатқан тұрғын үйлердің бағасы мұндай қымбат емес. 

- Семейде салынып жатқан үйлердің шаршы метрі 145 мың теңгеге тең. Оның үстіне, бұл үйлердің ауданы әлдеқайда үлкен. Коммуналды қызметтің барлығы қамтамасыз етілген. Жанында инфрақұрылымдар да бар. Шаршы метрі 150 мың теңге тең сапалы үй Өскеменде де салынған, - деді әкім.  

Одан бөлек, ауданға қарасты Бородино ауылында да екі пәтерлі жер үйлер салынып жатыр. Бұл 2018 жылдың қазан айында тәмамдалады. Ал жер үйлердің шаршы метрі 150 мың теңгеге бағалануда. Бұл екі құрылыстың да бас мердігері - бір адам. Ауданның құрылыс саласында жекелеген кәсіпкерлер ғана жұмыс жасайтындықтан әрі бәсекелестіктің болмау себебінен пәтер бағасы қасақана қымбаттатылып отырған көрінеді.

Аймақ басшысы аудан әкіміне құрылыс саласындағы жобаларды қайта қарап, өз қадағалауында ұстауды тапсырды. 

Одан бөлек, әкім алдағы уақытта Зырян қаласында тағы көпқабатты төрт тұрғын үй салуға қаржы бөлуге әзір екендігін жеткізді. Ол үшін аудан әкімі қаланың орталық бөлігінен бос жатқан жерлерді таңдап алып, оған жобалық-сметалық құжаттар жасауы тиіс. 
Следующая →