Семей тұрғыны екі көліктің ортасында қысылып қалған
Оқиға кеше кешке жаңа көпірдің үстінде болған. Үш көлік бірінің артына бірі соғылған.
Оқиғаны көрген куәгерлердің сөзіне қарағанда, Ниссан көлігі көпірдің үстінде бұзылып қалған. Көлікте әйел жүргізуші отырған. Машинаның бұзылып қалған көрген тағы бір жүргізуші Ниссанның артына тоқтап, әйел адамға көмектеспек болған.
Осы сәтте ВАЗ-2109 көлігінің жүргізушісі «көмекшінің» көлігін ұрып, оны Ниссанға әкеліп бір-ақ тіреген. Ортада әйел адам қыстырылып қалған.
Әйел жүргізушіні дәрігерлер тексерді. Аздаған жарақат алған, амбулаторияда емделіп жатыр. 31 жастағы «тоғыз» көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды.
Следующая →