Облыс түлектеріне 400 грант бөлінді
Облыс әкімі шығысқазақстандық түлектерге биыл тегін білім алу үшін 400 грант бөлді.
ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс әкімі аудан орталығы мен Бородино ауылындағы орта мектептерді аралап, оқушылармен кездесті. Білім шаңырақтарында болашақ ұрпақ қамы үшін жасалған жағдаймен жіті танысып, ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындыларын тілге тиек етті. Кездесу барысында Даниал Ахметов неге бірқатар мектеп түлектерінің таңдауы ҰБТ емес, көрші мемлекеттердің жоғары оқу орындарына түсетінін ашық айтты.
– Кейбір мектеп директорлары біліктілік деңгейлері төмен. Оны жасыру үшін балалар ҰБТ тапсырғылары келмейтіндіктерін айтады. Кей жылы нәтиже жоғары болмайтын шығар. Бірақ көрсеткіштер төмен түсіп кетеді деп қорықпау керек. Ол үшін мектеп директорларын ешкім жұмыстан шығармайды, тек болашаққа үлкен сабақ болады, - деді Даниал Ахметов. – Облыс бойынша ҰБТ орташа балы - 83. Өскеменнің 47 мектебінің тек бесеуі ғана жүзден жоғары балл алды. Ал Көкпекті ауданы 17 мектебінің алтауы жоғары балл жинаған.
Облыс әкімі сонымен қатар, Шығыс Қазақстанда сапалы білім беретін жоғары оқу орындары барын алға тартты. Сондықтан келесі жылы 400 білім гранты бөлінеді.