Каталония ұйымдарының басшылары ұсталды
Испания соты Каталония Ұлттық ассамблеясы мен Бұқаралық мәдениет ұйымының басшыларын ұстауға үкім шығарды.
Каталония Ұлттық ассамблеясы мен Бұқаралық мәдениет ұйымының басшылары Жорди Санчес мен Жорди Куишар Каталонияның тәуелсіздік алуын қолдаған қоғамдық ұйым мүшелері болатын. Бұл ұйымдардың қоластында он мың адам бар.
Олар ел үкіметіне қарсы арандатушылық әрекетпен айналысты деп айтыпталып отыр. Бұл қызметкерлер 20-21 қыркүйек күндері Барселонада өткен көтеріліске қозғаушы күш болды дейді. Бұл күні Азаматтық гвардия қызметкерлері Каталонияның үкіметінің ғимаратына еніп, тәуелсіздік жариялау жөніндегі құжаттың көзін жоймақ болған. Алайда наразылық білдірушілер гвардия қызметкерлі ғимаратқа кірген соң, олардың сыртқы шығармай ғимарат алдында блокада құраған. Бірнеше жандармерия көлігін сындырған.
Судьялар ұйым басшылары бостандықта жүрсе, тағы да көтеріліс ұйымдастыруы мүмкін деп күдік келтіріп отыр.