Алаяқтар өздерін «Өскемен Водоканал» қызметкері ретінде таныстырған
Кәсіпорын қызметкерлері қала тұрғындарын, әсіресе, қарияларды аса абай болуға шақырады
Қалада өздерін «Өскемен Водоканал» қызметкері ретінде таныстырып жүрген алаяқтардың бар екенін кәсіпорын қызметін пайдаланушылар өздері айтқан.
Анықталғандай, белгісіз азаматтар тұрғындардың сеніміне еніп, түрлі сылтаумен пәтерлеріне кіріп кеткен.
- Сақ болыңыздар, бұндай алаяқтардың арбауына түспеңіздер! «Өскемен Водоканал» МҚК қызметкері екенін құжатын сұрау арқылы тексеріп алыңыздар, - деп ескертетді коммуналдық мекеме мамандары.
Үйіңізге келген азаматтың шынымен аталмыш мекемеде істейтін-істемейтінін 77-27-31, 77-24-51 және 77-48-08 нөмірлері арқылы білуге болады.
Следующая →