Өскеменде ипотека рәсімдеуге «көмектесетін» әйел ұсталды
35 жасар қала тұрғыны банк арқылы пәтер алуға көмектесетінін айтып, өз қызметі үшін 150 мыңнан 600 мың теңгеге дейін алып отырған
Полицияға алаяқтықтан зардап шеккен алты өскемендік көмек сұрап келген.
ШҚО ІІД Баспасөз қызметінің ақпаратынша, әлеуетті пәтер іздеушілерді әйел ойластырылған әрекетпен тауып отырған – Өскеменнің түрлі аудандарындағы адамдармен танысып, несие рәсімдеуге көмектесетін қызметін ұсынған. Бірақ «келісімшартты» орындамай тайып отырған.
Қала тұрғындары полицияға шағымданған соң, криминалды полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстаған.
Қазір тәртіп сақшылары «Алаяқтық» ҚР ҚК 190-бабы бойынша соталды тергеу жұмыстарын жүргізуде. Сол сияқты әйелдің өзге фактілерге қатыстылығы тексерілуде. Болжам бойынша, зардап шеккендер саны көп болуы мүмкін.