Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО әкімі тендерсіз жұмыс жасау жөнінде ұсыныс жасады

Аймақ басшысы Даниал Ахметов мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жеңілдете отырып, ауылдық округ әкімдерінің тапсырманы орындауын жеделдету жөнінде ұсыныс айтты

Облыс әкімі бұл ұсынысын Өскемен қаласында алғаш рет өткен «Ауыл әкімдерінің бірінші республикалық форумында» айтты. 2018 жылдан бастап ауыл басшылары өз бюджетін өздері реттейтін болады. Салықтан жиналған ақшаны ауыл әкімдері балабақша, мектеп, аурухана, жол салуға, сумен қамтамасыз етуге жұмсамақ.

Ал аймақ басшысы болса, әкімдерінің кейбір мәселені шешуде жұмысын жеңілдету үшін 100 АЕК дейінгі сомаға рәсімделетін мемлекеттік сатып алу жұмыстарын өз еркімен атқаруға құқық беру туралы ой айтты.

- Мәселен, ауылға аз уақыттың ішінде электр жарығын тарту керек не жөндеу керек болды дейік. Мұндайда ауыл әкім тендер байқауын ұйымдастырмай-ақ мердігер ұйыммен тікелей келісімшартқа отыруы керек. Байқау ұйымдастыру көп уақытты алады. Мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгеріс енгізіп, 7-10 млн теңгеге дейінгі жұмыстарды тендер байқауын өткізбей-ақ ұйымдастыруға рұқсат берілсе, - деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің бұл бастамасын ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ескеретіндігін жеткізді. 
Следующая →