Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Екі сауда үйі өртке оранды

Қаладағы «Дос-Нар» базары мен «Мұзтау» сауда үйінен өрт шықты. Өрт сөндіру қызметінің мәлімдеуінше, оған ғимараттардағы электр құрылғыларындағы ақау себеп болған

Дүйсенбі күні түнгі 23.52-де өрт сөндіру қызметінің кезекшісіне Тоқтаров көшесінде орналасқан «Мұзтау» сауда үйінің шатырында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды тез арада ауыздықтады.

Дәл сол күні арада бір сағат өтпей жатып Виноградов көшесіндегі «Дос-Нар» базарынан өрт шыққан. Базардың ішіндегі ет сататын бөлімнің тоңазытқышы өртенген. Өрт алаңы – 12 шаршы метр. 

Ет сататын бөліммен көрші орналасқан киім сататын бөлімдер шығынға батты. Себебі өрттің салдарынан тауардың барлығы ыс пен күйенің ішінде қалған. Енді олардың жартысы жарамсыз. 

Сол түні Зашита ауданында да электр құрылғыларындағы ақаудан жер үйде өрт шыққан. Зардап шеккендер жоқ.

Следующая →