Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да күн электростанциясы салынады

Күннен қуат алатын электростанция 2018 жылдың наурыз айынан бастап салына бастамақ.

Жобаның жалпы құны - 43 млн теңге. Баламалы энергия көзі Жарма ауданына қарасты Жаңғызтөбе ауылында өндіріле бастамақ. «Жаңғыр-Солар» деп аталатын электростанцияның қуаты 30 Мвт болады. Құрылысы ендігі жылы наурыз айында басталады.

Күн электростанциясын испаниялық компания салмақ. Жаңа станция, шамамен, 11 мың үйді жарықпен қамтамасыз етпек әрі ауа таралатын зиянды қалдықтардың мөлшерін 15 мың тоннаға азайтпақ.

Следующая →