Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +21°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде өртсөндіру гидранттары істен шығуда

Жыл басынан бері 104-і жөндеуден өтсе де, істен шыққандары тек арта түскен

Қалалық ТЖ басқармасы өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында Өскемендегі 2546 өртсөндіру гидранттарының 633 істен шыққаны белгілі болды.

Жүргізілген жөндеу жұмыстарына қарамастан 2016 жылмен салыстырғанда істен шыққан «құдықтардың» саны тек арта түскен. Мұнымен қоса жол жөндеу және қаланы абаттандыру жұмыстары барысында олардың біразы көміліп қалған. Тағы біраз бөлігі суы тоқтатылған учаскелерде орналасқан.

Тағы 30 су тоғандарының жағдай нашар күйде. Олар кәсіпорындар мен ұйымдардың жанында орналасқан. Өртсөндірушілер қызметтері барысында суды сол жерлерден алады.

Өскемен қалалық ТЖБ қауіпсіздікке қажетті су өңірлерінің көміліп жатқанын немесе құрғап жатқанын айтады. Бұл өртсөндірушілердің қызметіне біршама қиындықтар туғызады. Мысалы, былтырғы қыс кезінде 23 ықшам ауданында істен шыққан гидранттың кесірінен жаңадан тұрғызылған екі қабатты зәулім үй өртеніп кеткен.

Айта кету керек, бұл гидранттарды қалалық коммуналды қызметкерлер жөндейді, ал өртсөндірушілер тек олардың жайын тексереді.

Следующая →