Аягөз қаласында жатақхана салынды
Жас отбасыларға арналған жатақхананың құрылыс жұмыстарына 300 млн теңге жұмсалған
Жатақханаға жаңадан қоныстанған 50 отбасыға облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі кілт табыстады.
Жатақхана бөлмесіне ие болғандардың бірі медбике, төрт айлық қыздың анасы Қангүл Құлсүлейменова өзінің қуанышымен бөлісті.
- Осы күнге дейін жалдамалы пәтерде тұрдық. Тапқан-таянғанымыза пәтерақыға кететін еді. Енді өзіміз үшін өмір сүрмекпіз. Қала жастарын қолдап жатқандарыңызға мың алғыс! - деді Қангүл Құлсүлейменова.
Айта отырайық, Аягөз қаласында қазіргі уақытта бес қабатты тұрғын үй мен екі мектеп және құрылыс материалдары комбинаты салынып жатыр.