Қытайда амур жолбарыстарының көші-қоны басталды
Қытайдағы амур жолбарыстары Ресеймен шекаралас Хэйлунцзян аймағына қарай қоныс аударуда
Қытайдың бұл аймағында табиғи қорық ұйымдастырылғандықтан, популяциясы азайып келе жатқан жолбарыстарды сақтап қалу үшін осында қоныстандыруда.
Алдағы үш жылда Қытайдың оңтүстік-шығысында ұлттық саябақ ұйымдастырылу көзделіп отыр. Мұнда азия жолбарыстарымен бірге өзге де саны сиреп бара жатқан жануарлар қоныстандырылып, қамқорлық жасалмақ.