Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жетім мазарға құлпытас қойылды

Қазақ халқы - ешқашан бөтен жерге шабуыл жасамаған, өз жеріне бөтен жауды кіргізбеген бейбіт халық

Бірақ елін, жерін қорғаймын деп, егескен елдің саясатынан сақтанамын деп қаншама ханын, батырын, ұл-қыздарын бөтен елдің топырағына көмуге мәжбүр болған. Сонау Жәнібек пен Керей заманынан бері Ұлы Отан соғысына дейін көптеген ұлдар өз жерінің құлаш жеріне зәру болып қалған.

Есіл өзенінің бойында туып, Қарасу өңірінде өскен Қабылұлы Бармақ батырдың денесі Көкпекті жеріндегі Биғаш ауылының іргесінде жерленген. Қазақтың алып жерін үш айналып өтіп, атқан таңы мен батқан күнін соғыспен өткізген батырдың басына 260 жыл өткен соң құлпытас орнатылды.

Бұл салтанатты іс шараға бүкіл Қазақстанның төрт керегесі тең елдің есті азаматтары тегіс жиналды.

- Бармақ батырдың 35-40 жыл ат үстінен түспей қазақ жерін қорғап, қазақ жерінде, өз елінде қалғанына да шүкір, - дейді батырдың сегізінші ұрпағы Қуандық Нұрсин. - Батырдың есімін ұмытпай, ұлықтап, Бармақтың мазары деп келген Көкпекті елінің азаматтарына да мың алғыс.

Батырдың басына құлпытас орнатуға бас демеуші болған «Қарасу» корпорациясының бас директоры, Бармақ Қабылұлының тікелей ұрпағы Алмат Тұрсынов та келді.

- Бұл игі шараға тек Уақ емес, Арғын, Қыпшақ, Керей қосарлана келдік, - дейді Алмат Тұрсынов. - Ата-бабаларымыз ру-руға бөлінбей, тегіс үзеңгілес болған. Жерлестерімізге, туған-туысқандарымызға деген алғысымыз шексіз. Аруақ күші қолдайды дегендей, біз өзіміздің ата-бабамыздың алдындағы борышымызды орындаудамыз.

Атпалдай батырдың мазары Көкпекті жерінде үш ғасыр бойы тұрған. Кеңес заманында бұл кесененің кімге тиесілі болғанын білетін адам некен-саяқ еді. Міне, бүгінгі таңда батырдың есімі тайға таңба басқандай ұлықталды. Есімі тарихта мәңгі қалмақ.

Следующая →