Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-да толағайдай ескерткіш ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көкпектінің қақ ортасында Бармақ батырдың атына ескерткіш ашылды

Елі ерін тапқан күннен кейін "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында хас батырдың есімі ерекше ұлықталды.

- Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміз жанашыр ұлын, отансүйгіш азаматтарын қалыптастыру көзделген, - дейді Көкпекті ауданы әкімінің көмекшісі Ерлан Қалдыбаев. - Еліміздің қасиетті қара жерін қорғап қалу үшін жас жандарын құрбандыққа берген батырлардың бірі Уақ Бармақ батыр еді. «Ат тұяғын тай басар» демекші Бармақ батыр ұрпақтарының бастамасымен атқарылып отырған шара еліміздің тәуелсіздігін қызғыштай қорғап, туған елдің туын желбірете түспек. Қандай қиыншылық көрмесін қазақ халқы дінін, ділін және тілін ұмытпаған. Ендеше бірліктің, ауызбіршіліктің тіршілігін жалғастыра берелік.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Қостанай өңірінің құрметті азаматтары, Бармақ батырдың Ақтөбе облысынан келген ұрпақтары, атақты Батыр Баянның жетінші ұрпағы Зейнулла Олжабаев арнайы келген.

Айта кету керек, ескерткіштің ашылу салтанатынан соң Бармақ батырдың атына ас беріліп, ғалымдар мен шежірешілер өткен заманның батыр басшыларын, ел қорғаны болған хандарын еске алды.

Следующая →