Жыл басынан облыста 80 адам жолда қаза тапқан
Бұл сұмдық статистиканы төмендету үшін 21 және 23 қыркүйек күндері «Жаяу жүргінші. Қауіпсіздік белдігі» шұғыл алдын алу шарасы ұйымдастырылды
Көлік жүргізушілері мен жолаушылар, әсіресе жол жүру ережелерін бұзушылар мен қарсы жолаққа өтіп кететін даңғой жүргізушілер назарға ілінбек.
- Облыстағы жолдарда жыл басынан бері 797 ЖКО тіркеліп, онда 81 адам көз жұмса, 1042 адам ауыр жарақат алған, - Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі.
Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, көлік жүргізушілер және жолаушылар жол жүру ережелерін бұзып, қауіпсіздік белдіктерін тақпайтындықтан ЖКО салдары ауыр болып жатады.
Следующая →