ШҚО-да жанармай орындары бағаны әдейі көтерген
Облыста орналасқан жанар-жағармай орындары өзара ауыз жаласып, бағаны әдейі көтерген
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаменті мұнай өнімдерін саудаласу саласындағы заңсыздықтарды тексеру жұмысын аяқтады.
Монополияға қарсы комитеті тексеріс нәтижесінде «ШТИФ» ЖШС, С.С.Федоров ЖК, «ВостокНефтеТрейд» ЖШС, В.З.Ахметов ЖК , «LNP Group» ЖШС, «Ергалий и Компания», В.В.Цыберт ЖК, К.С.Манакаев ЖК, Я.В.Шахворостова ЖК, «Бристоль» ЖШС, О.Л.Безродный ЖК, В.И.Амяга ЖК, «Авантаж Ойл» ЖШС, «ПКФ Титан» ЖШС, «Регион-Сервис» сынды кәсіпкерлерді бағаны әдейі көтерді деп айыптап отыр.
Бұл кәсіпкерлер өткен жылдың тамыз-желтоқсан айларында, 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында бензин бағасын көтерген.
- 15 әкімшілік іс қозғалуда. Кәсіпкерлер АИ-92, АИ-93 бензин маркалары мен дизельді отынның бағасын ұстап тұруға уағдаласқан, - дейді департамент.
Заңбұзушыларға 58 млн теңгеге айыппұл салынады.
Следующая →