Өскемен қаласында салынғалы жатқан жер үсті өткелі көлік ағымын жеңілдетпек
Абай-Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында салынғалы жатқан жер үсті өткеліне 400 млн теңге бөлінгелі отыр
Бұл құрылыс қаладағы көлік кептелісін кемітіп, ауаға таралатын зиянды қалдықтардың мөлшерін азайтпақ, жол-көлік оқиғаларын азайтпақ.
Жер үсті өткелі арқылы бір сағаттың ішінде төрт мың жолаушыға дейін өте алады. Мүмкіндігі шектеулі жандар арнайы лифті, пандустар орнатылады. Қиылыстағы бағдаршамдар алынып, жол кеңейтіледі.
- Жоба мемлекеттік сараптамадан өткен. Құрылысты Рязанов атындағы №25 көпір отряды жүргізеді, - дейді Өскемен қаласы әкімдігінің орынбасары Ержан Қоңырбаев.
Мұндай көпір құрылысы алдағы уақытта Сәтпаев даңғылы мен Жеңіс даңғылы бойында, «Фреш Маркет» дүкенінің алдында да салу жоспарланып отыр. Ал «Статус» дүкені мен «Даниель» сауда үйі арасындағы жер үсті көпірі келесі жылдың тамыз-қыркүйек айларында пайдануға берілмек.