Өскеменде 23 қыркүйек күні Жарма ауданы жәрмеңке ұйымдастырады
Өскемен қаласында бұған дейін күз, көктем айларында өткізіліп жүрген сенбілік жәрмеңке қайта ұйымдастырыла бастамақ
Биылғы күзгі жәрмеңкені Жарма ауданы бастайды. Алдағы сенбі күні ауданның кәсіпкерлері ет, сүт, нан, көкөніс, ұлттық тағам өнімдерін әкеліп, жәрмеңкеге қояды.
Жәрмеңке «Фреш Маркет» гастрономының алдында өтеді. Бұл жәрмеңкеге Герасимовка, Макеевка сынды қалаға жақын жатқан ауылдардың кәсіпкерлері де өз өнімдерін әкелмек.
Мұнда картоп 75 теңгеден сатылмақ. Ал дүкендерде оның бағасы - 90 теңге.
Жәрмеңке сағат 9.00-ден басталып, 15.00-ге дейін жалғаспақ.