Өскеменде алаяқтар автокөлік иесін алдап кеткен
Ер адам автомобильдің табылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі үшін сыйақы ретінде бес мың теңге төлеген
Облыс орталығының автосүйері өзінің көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін жоғалтып алған. Оны тауып алған жанға сыйақы беретіндігі жазылған хабарландыруды да жариялаған.
Біраз уақыттан кейін қала тұрғынына белгісіз біреулер хабарласып, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгіні тапқандығын айтып және оны бес мың теңге сыйақыға қайтарып беруге дайын екендіктерін жеткізген.
Көлік иесі сұраған қаражатты хабарласқан азаматтардың нөміріне аударғаннан кейін, олар телефондарын сөндіріп тастаған.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.