Гонконгта ер адам «Үрей бөлмесінде» қаза тапты
21 жасар Чеунг саябақтағы корпоратив барысында әріптестерімен «Тірідей көмілген» атракционына қатысқан
Бөлменің ашылу салтанаты 5 қазанға көзделгенімен, корпоративке қатысушыларға рұқсат беріледі.
«Тірідей көмілген» атракционы Ocean Park саябағында Хэллоуин мерекесіне орай ашылуға тиіс еді. Құрылымы бойынша ол ұзақ дәліздерден тұрады. Дәліз табыт түрінде ойылған. Жол бойында елестерден, өрмекшілер мен өзге де жәндіктерден тұратын кедергілер кездеседі.
Компания лабиринтке кірген соң Чеунга 5 минуттан соң ес-түссіз табылған. Кейін ол ауруханада көз жұмды.
Парк әкімшілігінің айтуынша, келуші жабық аумаққа кіріп кетіп, қозғалып тұрған табыттарға қысылып қалуы мүмкін.
Атракцион тергеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылды. Парк әкімшілігі қайтыс болушының туған-туысқандарына көңіл айтты.