Жергілікті мектеп жиһазын өндірушілерге Орман қорынан телімдер бөлінбек
Мектеп жиһазын өндірушілердің көрмесі Спорт сарайында өтіп, оған Шығыс Қазақстаннан өзге Павлодар, Алматы қалаларының өндірушілері де қатысты
Компаниялар мектепке арналған жиһаздарын облыс басшысының назарына ұсынды.
- Осындай шаралар арқылы жергілікті бизнеске қолдау байқалады, - деді өңір басшысы Даниал Ахметов. - Мектептерге барған сайын неге онда жергілікті компаниялар жасайтын жиһаз жоқ деп таңданамын. Жақында ашылған мектептердің барлығын араладым. Ешқайсында өзіміздің жергілікті компаниялардың өнімдері жоқ. Ал негізінде біз де жиһаз жасаймыз ғой. Компаниялар мектептерге арнап жақсы жиһаз дайындай бастаса, алдағы уақытта денсаулық сақтау мекемелеріне де арнап жиһаз жасай алады.
Облыс басшысы айтқандай, үкімет жиһаз жасушыларды «Даму» қорынан қаржылай қолдауға әзір. Сонымен қатар, жұмыстары нәтижелі өндірушілерге Орман қорынан арнайы телім беріледі. Яғни, бизнесмендерге тек қаржылай емес, шикізат ретінде де көмек көрсетіледі.
Следующая →