Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыста шөп өрті толастар емес

Көп жағдайда өрттің шығуына өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарау себеп, бірақ қасақана өрт қою нұсқасы да қарастырылу

Шығыс Қазақстанда үш күн ішінде 200 тоннаға жуық шөпті тілсіз жау шарпыған. Өткен жұма күні Шар қаласындағы жер үйлердің бірінде 20 тонна шөп өртеніп кеткен. Дәл сол күні Ертіс ауылдық округіндегі «Васюха» телімінде 130 тонна мал азығы мен 35 гектар құрғақ шөп өртенген. Өрт сөндірушілерге тілсіз жауды ауыздықтауға 10 сағат қажет болған. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Үржар ауданындағы екі ауылда және Зайсан ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында да осындай жағдай тіркелген. Ал жексенбі күні Бородулиха ауданындағы Переменовка ауылында ашық алаңда жатқан 10 тонна шөп өртке оранды. Алдыңғы тіркелген жағдайларда өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарау себеп болса, бұл жолы жергілікті тәртіп сақшылары өрт қасақана қойылуы мүмкін дегенді алға тартады. Жалпы үш күн ішінде өрт сөндірушілер 189 тонна өртенген шөпті сөндірген.
Следующая →
Тақырыптар: Пожары в ВКО