Өскеменнің ондаған қала тұрғындары ұшқан қыран бейнесінде сапқа тұрды
Флешмоб облыстық драма театрдың жанындағы «Нұрлы жол» саябағында өтті
- Бүгін біз бүкіл Қазақстан бойынша 22 қыркүйекке дейін жалғасатын «Рухани жаңғыру» жастар акциясын бастаймыз, - дейді ШҚО Ішкі саясат басқармасының жастар ісі бойынша бөлім басшысы Еркебұлан Балтабеков. - Жастар «Рухани жаңғыру» белгісін ұшқан қыран бейнесінде сапқа тұру арқылы сипаттады.
Ұйымдастырушының айтуынша, флешмоб ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткен мемлекеттік даму бағыты негізінде жастарды тарту үшін өткізілуде.
Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарында акция аясында 60-қа жуық шаралар өткізілуде.
Следующая →