Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде трамвай өткелі жөнделмек

Қабанбай-Қазақстан көшелері қиылысындағы трамвай өткелі жақын арада жөнделе бастамақ

Бұл көшелердің қиылысындағы трамвай жолы автокөлік жүргізушілері үшін өте ыңғайсыз болатын. Жол жөнделген соң көлік қатынасына оңтайлы болмақ. - Бұл жөндеу жұмыстарын қалалық ТҮКШ бөлімі жүргізіп жатыр, - дейді «Өскемен трамвай паркі» АҚ-ның директоры Анатолий Успенский. - Біз біріге жұмыс жасай отырып, график құрастырдық. Кеше аталған көше қиылысын жөндеуге уағдаластық. Бұған дейін Экологиялық қауіпсіздік орталығы Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевқа жол қиылыстарының, оның ішінде трамвай рельстері арқылы өтетін жолдың сын көтермейтіндігін айтқан болатын. Өйткені көліктер өткелдер арқылы өткен кезде тежегішті жиі басады, ал бұл кезде ауаға зиянды қалдық көп бөлінеді. Экологиялық қауіпсіздік орталығының бұл ескертуін қала бөлімі құптаған болуы керек, Қабанбай-Қазақстан көшелерінің бойына құм мен тас төсеуіштер тасып әкелінген. Енді жөндеу жұмысы басталады.
Следующая →