Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-ға қажетті битум жеткізілген

Облыста шілде басталған айында жол жөндеу жұмыстары барысында битумның жетіспей жатқандығы жайында жиі айтылған болатын

Қазіргі уақытта облыстың жол құрылысымен айналысатын компанияларының барлығына битум өнімі жеткізілген.

ШҚО Жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары басқармасы басшысының айтуынша, биыл облыс аумағындағы жолдарды жөндеуге қазынадан көп қаржы бөлінген. Қаржы көп бөлінгендіктен, жол жөндеу жұмыстары да қыза бастаған. Бұрын мұндай ауқымды жұмыс жасап көрмеген жол құрылысы мердігерлері арасында қарамайға деген сұраныс бірден артып, ел ішінде дүрлікпе пайда болған еді.

- Биыл облыстағы жол жөндеу жұмыстарына 47 млрд теңге бөлінген. Мұндай қаржы облысымызға ешқашан бөлініп көрмеген еді. Аймақтық деңгейдегі ғана емес, республикалық деңгейдегі жолдар да жөнделіп жатқандықтан, битумға деген қажеттілік артып кетті, - дейді ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтанов.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, облысымызда битумға деген сұраныс қазіргі уақытта толықтай қанағаттандырылған.

- Осыдан бір ай бұрын ҚР Энергетика министрлігінде битум өндірісіне қатысты жиын болып, облысымызға қажетті битумның көлемі бекітілді. Битум өндірісімен айналысатын кәсіпорындар да өздерінің өнімдерін Шығыс Қазақстанға жіберуге келісім берді. Қазіргі уақытта облысқа қажетті битумның көлемі жеткізілді, - дейді Әсет Сұлтанов.

Елімізде битум өндірісімен Шымкент қаласында орналасқан «Газпромнефть-Битум Қазақстан» мен Маңғыстау облысында орналасқан «Каспий Битум» зауыты айналысады. Бұл өндірушілердің өнімдері облыстағы жол құрылысымен айналысатын компанияларға жеткізіліп отырмақ.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей елдерінің арасында көршілес елдерге битум өнімдерін тасымалдауға тыйым салу туралы келісімге қол қойылған. Бұл келісім бойынша көрші елдер бір-біріне битум өнімдерін тасымалдамауы қажет, өйткені әр мемлекет өз нарығын өзі қарамаймен қамтамасыз ету керек болатын.

Следующая →