Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Археологиялық жұмыстардың жетістігі қандай?

Облыста үш бірдей археологиялық бағыт бойынша екі жыл бойы қазба жұмыстары жүргізілуде. Оның бірі - Берел қорғандары болса, екіншісі - Шілікті қорымдары, үшіншісі - Абылайкет ғибадатханасы

Өскемен қаласында биыл тағы да «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми конференция өткізіліп, Шығыс өңірінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, мол тарихи олжаға кенелген қарағай мүйізді ғалымдарымыз өздерінің ғылыми жаңалықтарын баяндап, шетелдік әріптестерімен ой бөлісті.

- Елімізде 2010 жылдан бері археологиялық зерттеулерді таныстыру бағдарламасы іске асып жатыр. Әрбір халық пен өркениеттің өзіне киелі тұтатын мекені болады. Біздің ел үшін көп ұлтты мәдениеттің орталығы саналатын Алтай аймағының маңызы зор. Бұл өлке - өзінің бай тарихымен әлемдік ғалымдардың қызығушылығын оятқан өңір, - деді Даниал Ахметов сөз басында.

Ғылыми отырысқа қатысқан Қазақстандағы Ұлыбритания елінің елшісі Кэролин Браун ағылшын халқының сақ-скиф өркениетінің мұрасын арқалаушы ұлт екендігін мойындай отырып, Алтай өлкесіне келіп отырғанына қуанышты екендігін жеткізді.

- Алтайдың үш бірдей артықшылығы әлем жұртшылығын қызықтырып отыр. Бірі - табиғаты болса, екіншісі - археологиялық жәдігерлерінің әр алуандығы. Ал үшіншіден, Алтай - түркі халықтарының тарихи атамекені, - деді Кэролин Браун.

Берел қорғандарында археологиялық зерттеу жүргізген профессор Зайнолла Самашев конференцияда бірінші болып сөз сөйледі. Қазақ Алтайында мекендеген көне халықтардың жерлеу рәсімі мен дүниетанымы жайында кең көсіліп баяндама жасады. Ғалымның айтуынша, сақ патшаларының Берелде жерленген қорымдары - мәдениеттің ғана емес, ғылымның да үлкен жетістігі. Өйткені сақ тайпалары қорымдарды белгілі бір заңдылық бойынша қазып, өздерінің патшаларының мүрдесін мәңгі сақтауға тырысқан.

- Сақтар мәйіттерді бальзамдау арқылы жерлеген. Бальзам жағылған мумиялардың ең көнесі Еуразия құрлығында тек Алтайдан ғана табылып отыр. Оның үстіне, сақтар обаларды теңіз деңгейінен 1000-1200 метр биіктікте орналастырып әрі қорымды жеті метр терең қазып, оның бетіне тағы да алты метр топырақтан қорған салу арқылы мәйіттің мәңгі тоң температурада сақталуын қамтамасыз еткен, - дейді Зайнолла Самашев.

Яғни, ғалым бұл жерде сақтарда зор ғылыми жетістіктердің болғандығын баяндап отыр.

Ал Ресей ғылым академиясының ғалымы, Орыс географиялық қоғамының мүшесі Николай Боковенко Сібір мен Хакасия аймағынан табылған қорымдардың Алтайдан тараған халықтардың өркениеті екендігін мойындап отыр.

- Тува даласынан табылған ағаштан жасалған Аржан мәдениетінің жәдігерлері Алтайдан қоныс аударған халықтардың мұрасы деп ойлаймын. Өйткені бұл мәдениеттің жәдігерлері жақын маңда табылған отырықшы халықтардың мәдениетімен салыстырғанда өзгеше. Хакас өңірінде табылған көне қола обаларының да Алтайдан табылған қорымдармен сәйкес келуі бұл халықтың қазақ Алтайынан тарағандығына дәлел бола алады, - дейді Николай Боковенко.

Ресейден келген ғалымның бұл мәлімдемесі қазақ ғалымдарына үлкен әсер еткенін Зайнолла Самашев та атап өтті.

- Біздің көне тарихымызда көптеген ақтаңдақтар бар. Мәселен, «сақ-скиф тайпалары мен көне түркілердің арасындағы мәдениеттің жалғасы қалай орын алды?» деген сұрақ бізді, әсіресе, қызықтырады. Осы екі дәуірдің арасындағы байланысты табу мақсатында археологиялық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Ал Ресей ғалымы Сібір мен Хакас жеріне қоныстанған халықтың Қазақ Алтайынан ауып келді деуі - өте тамаша идея. Демек, Алтай-Тарбағатай тауларында мекендеген бұл тайпалар мен халықтардың Орта Азия мен Солтүстік Сібірге, Хакас аймағына жылжуына не себеп болған?» деген сынды сауалдардың жауабын табуға тырысуымыз қажет, - дейді Зайнолла Самашев.

Ал Тарбағатай өңірінде зерттеу жұмыстарын жасаған Әбдеш Төлеубаев Үлкен Қаратал жерінен табылған обаның Афанасьев мәдениетіне жататынын он екі белгісі бойынша баяндап берді.

- Алтайда бұл мәдениеттің кейбір үлгілері Катонқарағай ауданындағы Черновая ауылында табылған обаларда кездескенімен, ғылымда аса қызығушылық тудыра қоймады. Бұл мәдениеттің алғашқы кезеңі біздің заманымызға дейінгі үш мың жылдықтан бастау алады. Мұндай ең көне мәдениеттің Алтайда болғанын Зайсан ауданында табылған №11 және №16 қоғандар арқылы дәлелдеп отырмыз, - дейді Әбдеш Төлеубаев.

Шығыс өңірінде археологиялық қазба жұмыстарымен айналысып жатқан профессор Карл Байпақов бастаған үшінші топ Абылайкет ғибадатханасын ағайынды қазақ-қалмақ халықтарының ортақ мәдени жәдігері ретінде қарастыра отырып, тарихи кешенді аспан астындағы мұражайға айналдыру әрі ЮНЕСКО тізіміне қосу жөнінде ұсыныстар айтты.

- Қазіргі таңда еліміздегі 10 мәдени ескерткіш пен 2 қорық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Ресей, Моңғолия, Қытай, Корея елдерін қызықтыратын бұл тарихи кешен халықаралық ұйымның да тізіміне енетініне шүбә келтірмеу керек. Өскемен қаласына жақын әрі жолы да жөндеуден өткен бұл мәдени ескерткіш туристерді қызықтыратыны сөзсіз, - дейді Карл Байпақов.

Ғылыми конференция барысында Берел және Шілікті қорымдарында саркофаг салынатындығы да айтылды. Былтыр Берелдегі №2 қорымның ішіне саркофаг салынған болатын, ендігі кезекте патша қорғандарының біріне тағы да бір тас табыт орнатылмақ. 

Следующая →