Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да тағы да жанармай қымбаттады

Жанармай қымбаттаған соң, азық-түлік пен такси қызметінің де бағасы өсуде

Өскемен мен Семей қалаларындағы АИ-92 жанармайының бағасы 145-149 теңгеге жеткен. Жанармаймен бірге дизель отыны мен керасин де қымбаттай бастады. - Бізде бүгін АИ-92 жанармайы 145 теңгеден, ал дизельді отын 146 теңгеден сатылып жатыр, - дейді «Гелиос» ЖШС облыстық филиалының баға жөніндегі менеджері. Бұған дейін Энергетика министрілігі елде жанармайдың қымбаттауына Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге берілгендігімен түсіндірген болатын. Алайда жергілікті жанар-жағармай құю орындары бағаның неліктен көтеріліп жатқанын нақты айта алмады. Дегенмен, ендігі жылдан бастап жанармай құю орындары есептегіш датчиктер сатып алып, бекет құдығына орналастырмақ. Ел үкіметі осындай датчиктер қою арқылы көлеңкелі табыс табумен күреспек. Ал мұндай датчиктердің бағасы қымбат болғандықтан, бекет қожайындары жанармай бағасын көтеру арқылы оның шығынын жаппақ.
Следующая →