ШҚО полицейлері пәтерлерде жаппай тексеру жүргізбек
Пәтер иелерімен бірге саяжай орындары да, базар, құрылыс жүріп жатқан нысандар да, жалға берілген кеңсе-жайлар да тексерістен өтпек.
Шығыс Қазақстан облысында 10 қыркүйектен бастап «Аумақ» атты алдын алу шарасын бастамақ. Бұған ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық гвардия сарбаздары атсалыспақ.
Аумақтағы тұрғындар жайында молырақ мағлұмат алу үшін полиция қызметі үйлер мен пәтерлерді, жеке жер телімдері мен жертөлелерді тексермек. Қару ұстауға рұқсат берілген тұрғындардың да үйлері тексеруден өтпек.
Тәртіп сақшылары тұрғындардан полицияның бұл қызметіне түсіністікпен қарап, қал-қадірінше көмек көрсетуді сұрап отыр. Бұл кейбір қылмыстардың алдын-алуы да мүмкін.
Следующая →

Тақырыптар:
Работа правоохранительных органов в ВКО Оперативно-профилактическое мероприятие "Участок" в ВКО