Жарылыстың алдын алды
Кеше таңғы сағат төртте Үржар ауданының Бақты ауылындағы Алтынсарин көшесіндегі дәмханада өрт шықты
Өрт сөндіру қызметіне уақытылы хабарланбағандықтан жалын кең жайылып үлгерген. Тілсіз жау ғимараттың шатырының ағаш құрылымдарын, торламасын, төбе жабындылары мен жиһазды түгел шарпыған.
- Өрт орын алған орынға алғашқы болып жергілікті бекініс пункті жетіп, жалынды өрт сөндірушілер келгенше бөгей тұрған, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Өрт сөндірушілер жеткен уақытта от асханаға жетіп үлгерген. Ал өрт сөндірушілер дер кезінде асханада тұрған бес газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды. Тілсіз жау толықтай ауыздықталды.
Мекеменің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, өрттің шығу себебі мен кінәлілер, келген шығын анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
Следующая →