Өскеменде жоғалған 15 жасар қыз әлі табылмады
Өскемен қаласының тұрғыны Жанел Өмірәлиеваның үйден кетуіне анасымен болған ұрыс себеп болған
15 жасар жасөспірім 7 тамыз күні үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған.
Қыздың анасының айтуынша, оны соңғы рет Заречный базарының маңынан көргендер бар. Қызды іздеу жұмыстарына полиция қызметімен бірге RINA. KZ – Өскемен еріктілері де жұмылдырылды.
- Жанелдің анасы қатты уайымдап отыр, - дейді еріктілер қозғалысының көшбасшысы Бикамал Қожахметова. - Оның айтуынша қызы бұған дейін де бірнеше рет үйінен кеткен. Бірақ бұлай бір айға созылмайтын. Қыздың наасының сөзіне сүйенсек, ол Вконтакте әлеуметтік желісінде отыратын көрінеді. Жанел үйден кеткен күні үстіне сұр күртеше мен гүлді қара джинсы киген. Шекесінде шешектен қалған тыртық бар.
Із-түссіз кеткен бойжеткеннің туыстары мен еріктілер қандай да бір ақпарат білетін азаматтар болса, 8-705-502-12-68, 8-771-302-09-70 немесе 102 телефон нөміріне хабарласуларын сұрайды.
Следующая →
Тақырыптар:
Поиск пропавших людей в ВКО Поиск людей в Усть-Каменогорске Пропал человек в ВКО Волонтеры в ВКО