Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақ әліпбиіндегі әріптер саны 25-ке дейін қысқарады

Жаңа қазақ латын әліпбиін жасаушылар 42 әріптің орнына 25 әріп болатын әліпбидің жобасын ұсынуда

- Бұл әліпби жобасын жасау барысында алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі ескерілді. Нәтижесінде ұсынылып отырған әліпби 25 әріптен тұрады, - деді мәжіліс отырысында Шаяхметов атындағытілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тлешов. Оның айтуынша, бұндағы басты қағида: бір әріп – бір дыбыс, бір әріп – екі дыбыс. - Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық қамтамасыз ету үшін сегіз ерекше дыбысты білдіретін сегіз диграф қосылды, - деп атап өтті директор. Кириллица әліпбиінде 42 әріп бар. Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел үкіметіне қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру кестесін жасауды тапсырған болатын. Елбасының тапсырмасы бойынша алдағы екі жылда латын әліпбиіне көшудің ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстарын жүргізу қажет. 13 сәуірден бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі құрған жұмысшы топ берілген тапсырмаларды жүргізуде.
Следующая →