Қала күнінде Орталық алаңда төбелес болды
Алаңда екі жас жігіт төбелесіп қалған. Ал куәгерлер болса, полиция қызметкерлері көзді жасаурататын газты қолданды деп дабырайтып айтып отыр
Кешкі сағат онда Орталық алаңда 18 жастағы жігіт пен 17 жастағы жігіттің арасында төбелес болған. Алғашқысы екіншісін сабап тастаған.
Ал куәгелер болса, жігіттердің пышақтасқандығын, ал полицейлердің газ қолданғанын айтып, оқиғаны дабырайтын жіберген.
- жігіттер төбелес кезінде пышақ қолданбаған. Біріншісі екіншісін сабап, аздаған дене жарақаттарын салған. «Бұзақылық» бойынша іс қозғалуда, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.
Следующая →