Өскеменнің көпқабатты үйлерінен көптеген кемшіліктер анықталды
Үйлерге тексеру жүргізген қалалық ТЖ Басқармасы мамандарының айтуынша, жіберілген қателіктер қайғылы аяқталар өрт қауіпіне себепші болуы мүмкін
Облыс орталығындағы 28 көпқабатты үйлерге жүргізілген өрт-техникалық тексеру барысында жылдармен алды алынбаған қателіктер анықталған.
- Зерттеу нәтижелері қуантарлықтай емес, - дейді қалалық ТЖБ мамандары. - автоматты өрт дабылдары жұмыс істемейді, ішкі өртке қарсы су құбырлары жүйесі істен шыққан, ішкі өрт крандарында өртке қарсы қолғаптармен және оқпанмен жинақталмаған, үйлер қабатындағы түтінді қуалау жүйесі де істемейді, лифт шақталарындағы өрт барысында ауаны тежеу жүйесі істен шыққан, жертөлелелерге жанғыш заттарды қоюға жол берілген.
Мамандардың айтуынша, көпқабатты үйлердегі өрт көрші қабаттарға тез көшетіндіктен оларды өшіру әлдеқайда қиын. Үлкен биіктікке байланысты өрт сөндіру құралдарын жеткізуде, қат қабат түтін кезінде адамдарды көшіруге қиындық тудырады. Егер бұл үйлердің кемшіліктерін жөндемесе, жойқын оқиғаға тап болады.
- Мекмелер қажетсіз заттарға толы, желдету люктері бітелген. Төтенше жағдай барысында құтқару операцияларын жүргізуді қиындатады, - дейді ТЖБ мамандары. - Сумен қамту желілерінде дистанциялық тетікпен қажетті су қысымын тудыратын сорғылар жоқ. Үйлердегі қауіпсіз әуе кеңістіктері не терезеленген, не темір тормен тұмшаланған. Пәтерлердегі апаттық шығу жолдары жерден 15 метрге биік орналасқан. Ал өртке қарсы шкафтар қоймаға айналған. 28 үйдің өртке қарсы жүйесі 100 пайызға істен шыққан және қолданысқа жарамсыз. Бұл пәтер иелерінің назар аудармауынан жіберілген қателіктер.
Бұл кемшіліктердің барлығын Өскемен қалалық ТЖБ мамандары бірнеше жыл бойы қаузағанымен, өзгеріс шамалы. Өрт қауіпсіздігі жүйлерін орнатуға және жөндеуге рұқсаты бар ұйымдар бұл жұмыстардың құнын атап өтті. Ол айтарлықтай жоғары. Сондықтан қателіктердің алдын алу жұмыстарын кезең кезеңмен жүргізу ұсынылды. Өрт сөндірушілердің айтуынша, тұрғындар бұл қателіктерге КПИ төрағаларын кінәлайды. Айта кету керек, бұған дейін мұндай кемшіліктерге айыппұл да салынып келді. Бірақ мәселе орнынан қозғалмады.
Следующая →