Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

ҚР мен АҚШ Қарулы Күштері жоғары сержанттары 2018-22 жылдарға арналған біріккен іс шараларды талқылауда

ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының базасында 2017 жылға арналған ҚР мен АҚШ Қарулы Күштері арасындағы әскери байланыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары жоғары сержанттар құрамының үшінші халықаралық конференциясы өткізілуде, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтында

Конференцияның негізгі мақсаты 2018 жылға жоспарланып отырған бірлескен іс-шараларды талқылау және егжей-тегжейлендіру және 2018-2022 жылдарға екі мемлекеттің қарулы күштері арасында бес жылдық ынтымақтастық жоспары шеңберінде екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жетілдіру болды.

Американдық делегацияның құрамына АҚШ Қарулы Күштері: әскери-әуе күштері, әскери-теңіз күштері, ұлттық ұлан, арнайы операциялар күштері, теңіз жаяу әскері, әскери-медициналық корпустың Орталық қолбасшылығы әртүрлі компоненттерінің бас сержанттары кірді. Делегацияны АҚШ ҚК Орталық қолбасшылығы Құрлық компоненттінің бас сержанты командалық сержант-майор Эрик Дости басқаруда. ҚР ҚК БШ Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының бастығы – Қарулы Күштердің бас сержанты шебер сержант Темірбек Халықов басқарып отырған қазақстандық тарапты түрлер, әскер тектері, Қарулы Күштердің Тыл және қару-жарақ, сондай-ақ әскери полиция жасағының сержанттары ұсынуда. Конференция барысында тараптар іс-шараның ағымдағы жобаларын нақтылып, егжей-тегжейлендірді, жұмыстың жаңа бағыттарын құрды.

«Мұндай іс-шараларда іске асырылуы әскерлердің бар проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін келісімдерге қол жеткізіледі. Мәселен, ынтымақтастық үшін өзекті тақырыптар әскери тәртіпті ұстауда сержанттар құрамының рөлі, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау жүйесі, мобильді оқу-жаттықтыру топтарының нұсқаушыларын даярлау болып табылады. Сонымен қатар, елді мекендегі қауіпсіздік шаралары, тактикалық іс-қимылдар бойынша нұсқаушыларды даярлауға, сондай-ақ далалық медицина сержанттары, яғни, фельдшерлер, санитарлар арасында тәжірибе алмасуға басымдық береміз», - деп шебер-сержант Темірбек Халықов атап өтті.

Конференция 8 қыркүйекте аяқталады. Онда тараптар жұмыс қорытындысын шығарып, алдағы кезеңге бірлескен іс-шаралар жоспарын құрады.



Следующая →