Семейде екі қызды көлік қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы кеше Жаңа көпіріне жақын маңда, кешкі тоғыз шамасында орын алды
«ОСА-Семей» БҚ өкілдері хабарлағандай ВАЗ-2114 жүргізушісі 17 және 18 шамасындағы екі қызды жаяу жүргінші жолағында қағып кетті.
- Көліктердің бірі тоқтап, жүргіншілерді жіберді, екіншісі қарамады, - дейді зардап шегушінің танысы. - Сонымен қатар, оқиға орын алған соң жүргізуші мемлекеттік нөмірді шешіп тастамақ болған, тек, куәгерлер дер кезінде суретке түсіріп үлгерген. Кейін олар жедел жәрдем шақырған. Қыздар қатты жарақат алды, қарындасым жүре алмай қалды. Жүргізуші тіпті кешірім сұраған да жоқ.
Семей полициясы хабарлағандай, аталмыш факт тіркелмеген.
Следующая →