АҚШ тұрғындарының жеке деректері ұрланды
Қаскүнемдер 143 миллион американдықтардың әлеуметтік сақтандыру нөмірлерін, туған күндерін, тұрғылықты мекен-жайына және жүргізу куәліктерінің бірқатар нөмірлеріне жол ашқан
АҚШ-тағы Equifax Несиелік тарих бюросының өкілдері 143 миллион американдықтардың жеке деректерінің ақтарылғаны туралы хабарлады. Компанияның хабарлауынша, мамырдан шілде айына дейін қаскүнемдер Equifax сайтының қауіпсіздік жүйесіндегі осал жерін пайдаланып келген.
Сонымен қатар белгісіз адамдардың қолында 209 мың адамның несиелік деректері болған. Зардап шегушілердің арасында Ұлыбритания мен Канада тұрғындары да бар.
- Компания шетелдік клиенттердің жеке деректеріне қол салынды деген ақпаратты растамайды, - дейді хабарландыруда.
Equifax жетекшісі Ричард Смит клиенттерінен кешірім сұрады. Компанияда тергеудің жуықта аяқталатыны туралы мәлімдеді.
Следующая →