Жас жігітке 120 адам қан беруге ниет білдірді
Жағармай құю орнында өрттен зардап шеккен Евгений Девятовқа бүгін қан керек болған еді
Термиялық күйіктен денесінің 70 пайызы зардап шеккен 27 жастағы жігітке 120 донор келіп көмек беруге ниеттенген.
- Бүгін қан тапсыруға 120 адам келді. Тұрғындарымыз немқұрайлы емес. Бұл бізді қуантады, - дейді Қан тапсыру орталығы. - Дегенмен қанның сақталу мерзімі өте қысқа. Сондықтан қан күнде қажет. Ал организмге қанды аздап қана құю қажет. Тұрғындарымыз күн сайын қан тапсыруға келе алады. Ертең де сағат таңғы 8-ден түскі 13.00-ге дейін қабылдаймыз.
Қан тапсыру орталығы Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көш., 11А мекенжайында орналасқан. №№17а, 26, 43 автобустары қатынайды.